Канн кинофестивалі: 2022 жылғы үздік фильмдер белгілі болды

920

75-ші Канн кинофестивалінің басты марапаты – "Алтын пальма бұтағы" швед режиссері Рубен Эстлундтың "Қайғы үшбұрышы" картинасына берілді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Канн кинофестивалі: 2022 жылғы үздік фильмдер белгілі болды

Жеңімпаздарды жариялау рәсімі сенбі күні фестиваль сарайында өтті.

Екінші маңызды марапат – фестивальдің Гранприі Лукас Донттың "Жақын" картинасына берілді.

Оңтүстік кореялық режиссер Пан Чхан Ук ("Кетуге шешім" картинасы) үздік режиссерлік марапатқа ие болды.

Фестивальдің 75 жылдығына арналған арнайы жүлде ағайынды Дарденннің "Тори және Локита" фильміне табысталды.

Режиссер Хирокадзу Корээдтің "Брокер" фильміндегі рөлі үшін кореялық Сон Кан Хо үздік актер атанды, ал режиссер Әли Аббасидің "Қасиетті өрмекші" фильміндегі актриса Амир-Эбрахимиге үздік әйел рөлі сыйлығы берілді.

Швед режиссері Тарик Салехтің "Жұмақтағы жігіт" фильмі үздік сценарийлік жұмыс деп бағаланды. 

Қазылар алқасының жүлдесіне екі картина – итальяндық-бельгиялық режиссер Шарлотта Вандермерс пен Феликс Ван Грунингеннің "Сегіз тау" фильмі және поляк режиссері Ежи Сколимовскийдің "Иа" фильмі ие болды.

Дебюттік фильмге арналған "Алтын камера" марапаты "Ерекше көзқарас" бағдарламасында көрсетілген Джин Гэммель мен Райли Кионың "Жауынгер пони" фильміне берілді.

75-ші Халықаралық Канн кинофестивалі 17-28 мамыр аралығында өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу