Қанша адам микроқаржы ұйымынан алған несиесін төлей алмай отыр?

297

1,5 млн-ға жуық қазақстандықтың берешегі 90 күннен асқан. 

Қанша адам микроқаржы ұйымынан алған несиесін төлей алмай отыр? Фото: www.pic.kiev.ua

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктердің балансында 90 күннен астам төленбеген берешегі бар 1,5 млн-ға жуық қарыз алушы бар. Атап айтқанда, банк балансында 90 күннен артық мерзімі өткен қарыз алушылар саны – 980 мың адам, МҚҰ балансында – 332 мың борышкер. Егер 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар азаматтардың саны бойынша банктермен салыстыратын болсақ, МҚҰ-да бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен", - деді Олжас Қизатов тілшілердің сауалына берген жауабында.

Айта кету керек осыған дейін несие алудан ерікті түрде бас тартқан қазақстандықтардың саны туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу