Қанша адам вакцина алудан бас тартты?

1211

Олар әртүрлі себептерге байланысты екпе алудан бас тартқан.

Қанша адам вакцина алудан бас тартты?

Елорда мен Алматыда жалпы 400-ге жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алудан бас тартқан, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қалада нақты қанша мұғалім мен дәрігердің екпеден бас тартқанын айта алған жоқ. Тек жалпы дерекке тоқталды.

"Елорда бойынша коронавирусқа қарсы вакцина 229 адамға салынған жоқ. Олардың жартысында екпеге қарсы уақытша көрсетілім бар. Мысалы, кейбірі жүкті болып қалған, кейбірі ЖРВИ-мен ауырған. Ал қалғаны вакцина алуды кейінге қалдырды. Олар екпені кейін салдыратын шығар", - деп басшы жауабын қысқа қайырды.

Алматыда 153 педагог вакцина салдырмаған.

"Алматыда 11 мыңнан аса мұғалім екпе алуы керек болған. Бүгінде оның 6 мыңнан астамы вакцина алды. Қалғандары 13-15 сәуірде вакцина алады. Жалпы қанша мұғалімнің вакцинадан бас тартқаны жөнінде нақты дерек жоқ. 2021 жылдың сәуірдегі мәліметінше, әртүрлі себепке байланысты 153 педагог екпеден бас тартты", - деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу