"Қанша адам зардап шеккені белгісіз": Сирия астанасында жойқын жарылыс болды

Оқыс оқиға Дамаск қаласының орталығындағы Әділет сарайының маңында тіркелген.  

"Қанша адам зардап шеккені белгісіз": Сирия астанасында жойқын жарылыс болды Фото: REUTERS / Yamam Al Shaar

Қазіргі уақытта жарылыс салдарынан неше адамның зардап шеккені белгісіз, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы жергілікті БАҚ пен оқиға куәгерлері мәлімдегенін Синьхуа агенттігі жазды.

Жарылыстың Хиджаз ауданындағы дәмханалардың бірінде болғанын Сирияның SANA мемлекеттік ақпарат агенттігі де растады. Бір белгілісі, оқиға салдарынан бірнеше адам жарақат алған. Қайтыс болғандар туралы нақты ақпарат жоқ.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Кейбір куәгерлердің сөзінше, жарылысқа аккумулятор батареясының қызып кетуі себеп болуы ықтимал.

Полиция оқиға орнын қоршауға алған және жақын маңдағы аумақты бақылауда ұстап отыр. Куәгерлер бұл маңға бірнеше жедел жәрдем көлігі келгенін де ашық айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу