Қанша әйел зейнетке ерте шығады?

2028 жылдың басына қарай 324 мың әйел зейнетке шығуы керек еді. 

Қанша әйел зейнетке ерте шығады?

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының талдау орталығы зейнет жасының қысқаруына байланысты қанша әйелдің құрметті еңбек демалысына ерте шыға алатынын есептеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Бұрынғы редакцияда әйелдердің зейнет жасы 63 болатын. Енді 2028 жылға дейін әйелдер 61 жаста зейнетке шығады деп белгіленді. Осылайша, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2028 жылдың басына қарай 324 мың әйелдің орнына 536 мың әйел зейнетақы алуға өтініш бере алады", деп хабарлады аналитикалық қызметте.

Яғни, 2028 жылға дейін зейнет жасының қысқаруы 212 мың қазақстандық әйелге әсер етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу