Қанша елордалық МӘМС жүйесінде сақтандырылған

1223

246 138 қала тұрғыны МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр.

Қанша елордалық МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрғындардың 80,0%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz ӘМСҚ елорда филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жыл ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МӘМС жүйесіне қатысушылар саны 16 480 адамға көбейді. 2021 жылдың қаңтар айында 966 204 адам болса, 2021 жылдың 1 желтоқсанындағы көрсеткіш – 982 684.

"Әлі 246 138 қала тұрғыны қамтылмай, МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр", – дейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Н. Қабдықапаров.

Естеріңізге салайық, сақтандырылмаған азаматтар, МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі болмаса да, ТМККК аясында медициналық (шұғыл медициналық көмек, жедел жәрдем бригадасын шақыру, учаскелік дәрігер қабылдауы, т.б.) көмек ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу