Қанша шетелдік жұмысшы тартса, сонша қазақстандықты оқытуы керек

901

Шетелдік компанияларға қосымша талап қойылмақ.

Қанша шетелдік жұмысшы тартса, сонша қазақстандықты оқытуы керек

Орталық коммуникациялар қызметінде Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев шетелдік жұмысшылар санын азайту шаралары қалай ұйымдастырылатынын айтты.

"Былтыр шетелдік жұмысшыларға берілетін квота 49 мың болса, биыл 20 мыңға дейін қысқартылды. Біз үшінші және төртінші санаттағы шетелдік жұмысшылардың санын барынша кеміттік. Біздің мақсатымыз – болашақта төртінші санаттағы шетелдік жұмысшыларға берілетін квотаны түгелдей жою. Негізінен бірінші және екінші санаттағы мамандарды ғана аламыз. Яғни, өзімізде жоқ мамандар мен басшылар ғана шетелден келеді. Қазір шетедік компаниялардың алдына мынадай міндет қойып отырмыз. Егер 10 шетелдік жұмысшыны 3 жылға тартса, сол уақыт ішінде кемінде 10 қазақстандықты маман етіп дайындап шығаруы қажет", – деді Вице-премьер.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу