Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонмен болған жекпе-жегінде қанша табыс тапқаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Спорт Шредингера Telegram арнасында Шавкат Рахмоновпен өткен баспасөз конференциясының видеосы жарияланды.
БАҚ өкілдері спортшыдан соңғы жекпе-жегінде қанша табыс тапқанын және қарсыласы Стивен Томпсонның 416 мың АҚШ долларын алғаны туралы әлеуметтік желіде жарияланған ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады.
“Ол ақпарат шындыққа жанаспайды. Мүмкін ол менен көп алған шығар. Менің білетінім, Томпсон ол ақпаратта жазылғаннан ақшадан көп алды. Ал өз табысым туралы айта алмаймын. Келісімшарт бойынша жариялауға болмайды. Не істейсіздер менің ақшамды санап”, – деді Шавкат Рахмонов.