Қант бағасы шілдеде 4 пайызға көтерілген. Оңтүстік өңірлерде қысқа азық дайындайтын кезде жоғарылаған, деп хабарлайды astanatv.kz.
Тараз тұрғындары қант бағасының қымбаттап кеткенін айтады. Айтуларынша, қант қырғыз ағайынға арзанға апарылатын көрінеді. Ал тараздықтарға тым қымбат саудаланатыны ашындырады. Оның құны базардың өзінде 280 теңгеге жеткен. Сондықтан тұрғындар, облыста екі бірдей қант зауыты бола тұра, құмшекердің қымбатқа түсуі ақылға қонымсыз, дейді.
"Қазір тосап жабатын уақытта біз банкы жаба алмай отырмыз. Екі есе бағасы жоғары. Қапшығы 7 мыңнан, 6950-ден. Күніге баға ойнап тұрады. Қазақстанның азаматтарына жеңілдік жасасаңыздар", жақсы болар еді, дейді Тараз қаласының тұрғыны Айкерім Байдуллаева.
Алайда, жергілікті шенеуніктер қымбатшылық жоқ деп отыр. Тараз тұрақтандыру қорына қыстан бері 1500 тонна құмшекер алынған. Бүгінге дейін тұрақтандыру қорында 900 тоннасы сақталған. Шикізаттың негізігі бөлігі Бразилиядан әкелінеді. Облыста, шетел өніміне тәуелділіктен арылу үшін, қызылша егу жұмыстары басталып кеткен. Былтырғы жылы 5000 гектар егілсе, биылғы жылы 9000 мыңнан астамы отырғызылды. Ал, нәтижесін шенеуніктер жылдың соңына қарай көреміз дейді.
"Бүгінгі күні зауыттармен сөйлестік. Қанттың бағасының көтерілетін ешқандай факторлары жоқ. Көрші елде Ресей де, Қазақстан да барлығы үлкен көлемде өндіріп жатыр. Бағасы тұрақты", дейді Жамбыл облысы ауылшаруашылық басқармасының азық-түлік мониторингі бөлімінің басшысы Марс Сейдібаев.
Бірақ статистика басқаша сөлейді. Жамбыл обылысында маусымда келісі 234 теңге болса, шілдеде 20 теңгеге көтерілген. Шекер Оңтүстік Қазақстан мен Талдықорған, Жезқазғанда да қымбат. Өткен айда барлық өңірде өнім 4 пайызға өскен. Ең арзан баға солтүстік аймақтарда.
"Бағаның өсуі 2017 жылғы шілдеде қайта өңдеу кәспорындарында қанттың 2,7 пайызға, көтерме сауда да 4,6 пайызға қымбаттауымен негізделінеді", - дейді ҚР статистика комитетінің бас сарапшысы Мейрам Сейдазимов.
Тараз атқамінерлерінің айтуынша, Жамбыл облысы қантты экспортқа ең көп шығаратын аймақ. Былтыр 200 мың тонна қантты шетел асырған. Ол Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдеріне жеткізілген.