Қант бағасы бір жылда 50 теңгеге өсті

1238

Оның орташа бағасы 2019 жылғы қаңтарда килограмына 240 теңгені, 2018 жылғы қаңтарда 194 теңгені құрады.

Қант бағасы бір жылда 50 теңгеге өсті

Азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда (2018 жылғы қаңтар – 2019 жылғы қаңтарға) 5,8%-ға өсті, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.

Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал жемістер мен көкөністер арзандады.

Жарма өнімдері тобында бағаның әр бағытта өзгеруі белгіленді. 2019 жылғы қаңтарда күрішке орташа баға 2018 жылғы қаңтардағы килограмына 287 теңгеге қарсы 317 теңгені, ал қарақұмық жармасы тиісінше 301 теңгеге қарсы 246 теңгені құрады.

Құмшекердің орташа бағасы 2019 жылғы қаңтарда килограмына 240 теңгені, 2018 жылғы қаңтарда 194 теңгені құрады.

2019 жылғы қаңтарда көкөністерден картопқа орташа баға килограмына 86 теңгені (2018 жылғы қаңтарда – 121 теңге), ақ қауанды қырыққабатқа – 106 теңгені (81 теңге), басты пиязға – 78 теңгені (96 теңге), сәбізге 97 теңгені (116 теңге) құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу