Үкімет отырысынан соң Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин журналистердің "қант бағасы өсе ме?" деген сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қанттың көтерме бағасының ең төменгі деңгейін енгізгіміз келді, бірақ әзірге оны тоқтаттық, өйткені қант қымбаттап жатыр. Бізде қант Ресейден қымбат. Ресейлік қант әлі де арзан", – деді министр.
Бұл ретте ол отандық зауыттарды қолда тралы атап өтті.
"Бірақ қалай болғанда да қазір отандық зауыттарды қолдау шаралары пысықтап жатырмыз. Әзірге қант бағасы қатты өспесін деп, өндірушіні субсидиялау нұсқасын ғана қарастырып жатырмыз. Бұл халыққа әсер етпеу үшін маңызды", – деді министр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу