Қант диабеті әлеуметтік маңызды аурулар тізімінен түсіріледі

2388

Қант диабеті әлеуметтік маңызды аурулар тізімінен түсіріледі

Елімізде тегін медициналық көмек аясында көрсетілетін әлеуметтік маңызды аурулардың тізбесін қысқарту ұсынылды. Бұл туралы еліміздің денсаулық сақтау министрлігі дайындаған жаңа жобада көрсетілген, деп хабарлайды Atameken Business.

Енді жаңа тізімде бұрынғыдай 13 ауру түрі емес тек 4 дертке яғни құрт ауруы, ВИЧ, қатерлі ісік пен психикалық ауытқулары бар ауруларға көмек беру ұсынылыпты.  Ал, қант диабеті, сал сырқаты, инфаркт, ревматизм және жүйке жүйесіне қатысты әлеуметтік маңызды ауруларды тізімнен алып тастау көзделген. Аталған жобаны ертең 6 маусым да талқылау аяқталады.

Айта кетсек,  2016 жылғы статистакаға сәйкес елімізде әлеуметтік маңызы бар аурумен  тіркелген 508 128 науқас бар екен. Демек, 300 мыңға жуық қант диабетіне шалдыққандар  енді көмексіз қалмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу