Қант диабетімен ауыратындар инсулин помпаларымен тегін қамтамасыз етіледі

1485

Қант диабетімен ауыратындар инсулин помпаларымен тегін қамтамасыз етіледі

2019 жылы 1 мен 18 жас аралығындағы 1-типті қант диабетімен ауыратын пациенттер сомасы 180 миллиннан аса теңгеге инсулин помпаларымен тегін қамтамасыз етілетін болады, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

2012 жылы ҚР денсаулық сақтау министрлігі кеңес дәуірінен кейінгі кеңістікте бірінші рет 1 мен 18 жас аралығындағы 1-типті қант диабетімен ауратын пациенттерді емдеудің инновациялық әдісі – помпалық инсулин терапиясына қолжетімдікті қамтамасыз етті.

2012 және 2016 жылдар аралығында Қазақстанда помпалық инсулин терапиясына қолжетімдікті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде еліміздің 1400 жас пациенті алды.

2018 жылғы қыркүйектен бастап ҚР денсаулық сақтау министрлігі мен "Медтроник Казахстан" ЖШС 1-типті қант диабетімен ауыратын балалар үшін помпаларды өтеусіз негізде жеткізу туралы келісімге келді. Бүгінгі таңда компания "СК-Фармация" ЖШС мекенжайына 180-нен аса инсулин помпасын жеткізді, бұл мемлекетке тек 2018 жылдың өзінде 90 миллионнан аса теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұдан басқа, компания кепілдік мерзімі өткен және істен шыққан помпаларды ауыстыру бойынша міндеттеме қабылдады. Осындай помпаларды ауыстыру да өтеусіз негізде жүргізілетін болады.

2019 жылы еліміздің 1 мен 18 жас аралығындағы 1-ші типті қант диабетімен ауыратын жас пациенттері үшін сомасы 180 миллионнан аса теңгеге 352 помпа жеткізу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу