Қант импортына арналған квота қазанның соңына дейін ұзартылды

582

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен өткен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезектен тыс отырысында Қазақстан Республикасына ақ қант пен шикі қантты бажсыз әкелуге арналған квотаны 2022 жылғы 31 қазанға дейін ұзарту туралы еліміздің ұсынысы мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қант импортына арналған квота қазанның соңына дейін ұзартылды

"Бұл шара ішкі нарыққа импортталатын қантты жеткізу құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Қазір біз бірқатар елдермен қанттың үлкен көлемін жеткізу туралы келісім сөздер жүргізіп жатырмыз. Ал қарашаға қарай қазақстандық зауыттардан да, ЕАЭО елдерінен де жаңа дақылға қызылша қантын жеткізу басталады", – деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, Қазақстан АҚ қант пен шикі қанттың бажсыз импортына квота көлемін ұлғайту туралы келіссөздер жүргізуде. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу