Қант импортына берілетін жеңілдіктер жыл соңына дейін сақталады

1128

Жалпы шеттен жеткізілетін қанттың 90 пайызы Ресей мен Беларуське тиесілі.

Қант импортына берілетін жеңілдіктер жыл соңына дейін сақталады

Сырттан кіргізілетін қантқа үкімет әзірге салықтық жеңілдікті өзгеріссіз қалдыра тұрмақ. Яғни, жеңілдіктер жыл соңына дейін сақталуы мүмкін. Бүгін сенат қабырғасында Ұлттық экономика министрлігінің сыртқы сауда-саттықты дамыту департаментінің директоры Жанель Күшікова осылай деді.

Жеңілдіктер тек 2020 жылдан бастап тоқтатылуы мүмкін. Өйткені отандық нарықта қант тапшылығы енді болмауға тиіс екен.

"Бізге ішкі нарықты арттыру қазір басты назарда. Былтырғыдай емес, биыл қант тапшылығы тіркелген жоқ. Енді тіркелмейді деп те айта аламын. Өйткені өндіріс артып келеді. Биыл Қазақстан қант қызылшасының өндірісін арттырып, жылына 300 мың тоннаға дейін қант қорын жинайды. Сондықтан тауардың бағасы да тұрақтылығын сақтауға тиіс. Қазір Ресеймен де келісім жасалып жатыр. Жалпы қант импортының 90 пайызы Ресей мен Беларусьтікі", – дейді Жанель Күшікова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу