Ведомство берген мәліметке сүйенсек, 2018 жылы Алматы облысы мен Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өсірілген және тапсырылған қызылша үшін 4,4 млрд теңге берілген. Осы жылы 6,6 млрд теңге төленбек.
Сондай-ақ, мақта өңдейтін зауыттарға тапсырылған 25 мың тонна шикізат 300 млн теңгеге субсидияланған. Ал биыл Түркістан облысының бюджетінен шаруаларға 3 618 млн теңге бөлу көзделген.
Қызылорда облысындағы күріш өндіруге келсек, өткен жылы аймақта 343,5 мың тонна күріш субсидияланған. Өңдеуші кәсіпорындарға тапсырылған шикізатқа 1,3 млрд теңге көлемінде төленген.
Министрліктің хабарлауынша, субсидияны өңдеушілер емес, шаруалар алады. Осы арада егер субсидия бөлінбесе, өңдеушілерден сатып алу бағасы қандай болар еді және күріш, қант қызылшасы мен мақтаны өңдеу демеуқаржысыз тиімді болар ма еді деген сұрақ туындайды.