Бұл шілде айымен салыстырғанда 46,7%-ға немесе 8,1 мың тоннаға аз, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.
Құлдырау 2022 жылдың тамыз айына қарағанда айқын байқалды: 79,1%-ға немесе 35,2 мың тоннаға. Алайда бір жыл бұрын көрсеткіштің тарихи жоғары деңгейде болғанын ескеру маңызды.
"Мұны маусымдық ерекшеліктермен түсіндіруге болады. Тамыз айында өткен айға қарағанда қант өндірісінің айтарлықтай төмендеуі бұрын да байқалған. Мәселен, 2021 жылы (- 66,7%), 2020 жылы (-65%), 2019 жылы (-21,5%). Екінші жағынан, қант импорты артып жатыр. 7 айдың қорытындысы бойынша оның көлемі 322,6 мың тонна (+18,7%) болды. Жалпы динамикаға жеткізілімді үш есеге жуық, яғни 180,5 мың тоннаға дейін арттырған Ресей негізгі үлес қосты. Бұл ретте Бразилия төмендеу көрсетті: 7,2%-ға, 131 мың тоннаға дейін", - деп жазады DATA HUB.
Өз кезегінде бұл жағдай қант бағасының өсуіне әсер етпеген. 5-12 қыркүйекте бір апта ішінде қант бағасы 0,5%-ға арзандады.