Қаңтар айында 15 өңірде инфляция бәсеңдеді – Ұлттық банк

398

Ұлттық банктің хабарлауынша, 2024 жылғы қаңтарда елде жылдық инфляция баяулап, 9,5%-ды құрады.  

Қаңтар айында 15 өңірде инфляция бәсеңдеді – Ұлттық банк Фото: gov.kz

Ақпаратқа сәйкес, қаңтар айында аймақтар бойынша 15 өңірде жылдық инфляция баяуласа, 3 аймақта жеделдеген, 2 өңірде өзгеріссіз қалды., деп жазады inbusiness.kz.

Бұл ретте, жылдық инфляцияның айтарлықтай жоғары мәні Қарағанды, Маңғыстау, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді.     

"Қаңтар айында азық-түлік бағасы жылдық 8,2%-ға дейін баяулады. Осы топтағы тауарлар бағасының максималды өсімі Ұлытау облысында (11,3%), ал минималды өсім Шымкент қаласында (5,9%) тіркелді" - делінген хабарламада. 

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны жылдық 8,6%-ға дейін бәсеңдеді. Ең жоғары мән Маңғыстау облысында (12,9%), ең төмен мән Ақтөбе облысында (7,1%) тіркелді.       

Қаңтар айында ақылы көрсетілетін қызмет бағасы жылдық 12,3%-ға дейін бәсеңдеді. Сонымен бірге, Түркістан облысында (17,3%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Қызылорда облысында (9,5%) айтарлықтай төмен өсті.   

Ұлттық банктің хабарлауынша, 2023 жылғы желтоқсанда елде жылдық инфляция баяулап, 9,8%-ды құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу