2020 жылдың қаңтар айында кәсіби, ғылыми және техникалық салаға 1,18 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Finprom.kz.
2018 жылдың қаңтарында аталған секторға 1,31 млрд теңге қаржы қарастырылған еді.
Ал 2019 жылы ғылымға 71,38 млрд теңге бағытталған. Бұл еліміз бойынша жалпы инвестицияның 0,6%-ы. 2018 жылы аталған салаға 43,24 млрд теңге қаржы құйылды.
Инвестиция көлемі бойынша Атырау облысы көш бастап тұр. Мұнайлы өлкеге 422 млн теңге қаржы салынған.
Келесі сатыда Қызылорда облысы. Үздік үштікті Алматы қорытындылайды.
Жалпы бөлінген қаржының 86,8%-ы – жеке қаражат, 2,8%-ы – жергілікті бюджет есебінен, 10,4%-ы өзге де көздерден бөлінді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу