Қаңтар айында Қазақстанда 3,2 мың автокөлік құрастырылды

709

Ел тұрғындары отандық көліктерді сатып алуға 15,8 млрд теңге жұмсаған.

Қаңтар айында Қазақстанда 3,2 мың автокөлік құрастырылды

"ҚазАвтоӨндіріс" Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының мәліметінше, 2019 жылдың қаңтарында Қазақстанда 21 млрд теңгеге 3 227 автокөлік құралы құрастырылған. Оның 3 109-ы – жеңіл автокөлік, 68-і – жүк көлігі, 39-ы – автобус, 5-і – арнайы техинка және 6-ы –  тіркеме. Өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 52,9 пайызға өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Былтырғымен салыстырғанда барлық көрсеткіш бойынша өсім бар. Мәселен, жеңіл автокөлік өндірісі 52,3 пайызға, жүк көліктері өндірісі 31 пайызға, арнайы техника өндірісі 16,7 пайызға, тіркемелер өндірісі 40 пайызға ұлғайған. Өткен жылдың қаңтарында елімізде 1 ғана автобус құрастырылса, биыл 39 автобус өндірілген.

Қаңтарда отандық автозауыттардың өткізімділіг 2 389 техниканы құраған. Былтыр бұл көрсеткіш 1 332-ге тең еді. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 79,4 пайызға артқан.

Ал отандық авто өндірушілердің нарықтағы үлесі 53,9 пайызға өскен. Бір жыл бұрын аталған көрсеткіш 40,7 пайызды құраған болатын.

Қаңтар айында ел тұрғындары отандық көліктерді сатып алуға 15,8 млрд теңге жұмсаған. Көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 2,2 есе артып отыр.

Автокөлік өндірісінде әдеттегідей "АЗИЯ АВТО" көш бастап тұр. Өткен айда аталған компания 1 416 автокөлікті сатқан. Бұл – отандық техниканың жалпы өткізілімінің 59,3 пайызы. Екінші орында "СарыарқаАвтоӨндіріс" тұр. Бұл компания қаңтарда 864 техниканы сатқан (үлесі – 36,2 пайыз). Одан кейінгі орындарға "СемАЗ" ЖШС (61 техника, үлесі – 2,6 пайыз), "КАМАЗ-Инжиниринг" АҚ (27 техника, үлесі – 1,1 пайыз), "Daewoo Bus Kazakhstan" ЖШС (12 техника, үлесі – 0,5 пайыз), "Hyundai Trans Auto" ЖШС (9 техника, үлесі – 0,4 пайыз).

Елімізде құрастырылатын жеңіл автокөліктер ішінде тұрғындардың Lada, Hyundai, KIA, Chevrolet және Skoda брендтеріне деген қызығушылығы жоғары. Қаңтар айының қорытындысы бойынша 1 013 Lada, 790 Hyundai, 320 KIA, 71 Chevrolet және 47 Skoda сатылған.

Сонымен қатар, қаңтар айында жеңіл автокөліктер сатылымында Lada Granta (405 техника), Hyundai Tucson (314 техника) және Lada Vesta (266 техника) көш бастады.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша қаңтарда 123 автокөлік сатылған. Бұл жалпы жеңіл автокөлік өткізілімінің 5,1 пайызына тең.

Еске сала кетейік, кеше үкімет отырысында министрлер кабинеті жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 10 млрд теңге бөлу туралы қаулыны қабылдады. Оның 8 млрд теңгесі жеңіл автокөліктерді несиелеуге бағытталса, 2 млрд теңгесі коммерциялық теxниканы лизингтік қаржыландыруға жұмсалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу