Қаңтар айында Ресейдің мұнай-газ кірісі 46%-ға қысқарды

439

Өткен айда Ресейдің мұнай мен газ сатудан түскен кірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46%-ға қысқарды.  

Қаңтар айында Ресейдің мұнай-газ кірісі 46%-ға қысқарды Фото: Shutterstock

Қаңтар айында мұнай-газ кірісі 426 миллиард рубльді құрады. Қаржы министрлігі мұндай құлдырауды ресейлік Urals маркалы мұнай бағасы мен газ экспортының төмендеуімен байланыстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министрлік Urals марка мұнайы әлемдік бағаның жартысына тең – барреліне 38 доллардан төмен бағаға сатылады деп мәлімдеді. Бұл Ресейдің қара алтынына Батыс елдері белгілеген 60 долларлық баға шегінен де төмен. Алайда Ресей мұнайды одан жоғары бағамен сатуы әбден мүмкін.

Reuters мәліметтері бойынша, 2022 жылы ресейлік газдың Еуропаға жеткізілуі өткен жылмен салыстырғанда шамамен 46%-ға қысқарды және 2000 жылдан бері ең төменгі деңгейге жетті.

Қаңтарда Ресейдің мұнай-газ емес кірісі 931 миллиард рубльді құрап, 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 28%-ға төмендеді.

Сонымен бірге, қаңтар айында бюджет шығындары 59%-ға артып, 3,1 триллион рубльге жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу