Қаңтар айында азық-түлік бағасы қымбаттады

288

Тұтыну бағаларының айлық индексі 1,1%-ды құрады. 

Қаңтар айында азық-түлік бағасы қымбаттады Фото: canva.com

Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,4%, ақылы қызметтер – 1,1%, азық-түлік емес тауарлар 0,6% өсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Азық-түлік тауарларынан баға картопқа – 16,4%, қырыққабатқа – 8,8%, сарымсаққа – 6,4%, қиярға – 5,4%, жүзімге – 4,1%, тәтті бұрышқа– 3,9%, қызанаққа – 3,5%, сары майға – 4,1%, күнбағыс майына – 3,9%, тұздалған майшабаққа 3,4% өсті. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 1,5%, апельсинге – 0,8%, күрішке 0,6% байқалды.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында төлемақы домофонға – 4,1%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 2,5%, орталықтан жылыту тарифтеріне – 2,2%, ыстық суға – 1,7%, электр энергиясына 1% өсті. Сәлемдемелерді жөнелту бойынша қызметтер – 17,7%, автосақтандыру мен нотариус қызметтері 6,5%-дан қымбаттады.

Қаңтарда тұрмыстық бұйымдар бағасы 3,9% өсті, автомобильдер – 2,4%, тоқыма бұйымдар мен ыдыс-аяққа баға өсімі 0,8%-дан байқалды.

Өңірлер ішінде ең жоғары айлық инфляция Атырау облысында – 2,2% (орташа республикалық деңгейден 1,1 п.т. жоғары), ең төмені Алматы қаласы мен Түркістан облысында – 0,7%-дан тіркелді.

Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарлары бойынша ең жоғары өсім Жамбыл облысында – 2,1%, азық-түлік емес тауарлар бойынша Батыс Қазақстан облысында – 1,5%, ақылы қызметтер бойынша Атырау облысында 5,5% өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу