Қаңтар айындағы ҰБТ-да 60-тан астам тәртіп бұзушылық анықталды

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлайды. 

Қаңтар айындағы ҰБТ-да 60-тан астам тәртіп бұзушылық анықталды Фото: ortcom.kz

Қаңтар айындағы ҰБТ басталғаннан бері 53 мыңнан астам талапкер ҰБТ тапсырды. Соның ішінде талапкерлердің 73,6%-ы қазақ тілінде, 26,3%-ы орыс тілінде және 35 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҰБТ басталғаннан бері талапкерлердің шамамен 73%-ы шекті балл жинады. Орташа балл 65, ал максималды ұпай 134 болды.

"Бүгінгі таңда, 63 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 43 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 20 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ", - деп түсіндірді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Айта кету керек, ҰБТ-2024 аяқталғаннан кейін бейнежазбалар 31 қазанға дейін талданады. Тыйым салынған заттарды пайдалану және ережелерді бұзу фактілері анықталса, талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Тестілеушілердің ең көп саны "Математика-физика" және "Биология-химия" пәндерінің комбинацияларын таңдады. Сондай-ақ, үздік үштікке "Математика-Информатика" комбинациясы енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу