Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылай деді.
Министрдің мәлімдеуінше, есептік кезеңде құрылыс, өндіріс және сауда салаларының көрсеткіштері жақсарды.
"Қаңтар-ақпан айларында ішкі жалпы өнім 3,3%-ға өсті. Жылдық инфляция 6% болып бекітілген мақсатты дәліздің жоғарғы шегінде тұр. Экономиканың негізгі салаларында қаңтар-ақпан айларында оң нәтиже сақталды. Атап айтар болсақ, құрылыста -11,9%, байланыс саласында - 10,7%, өндірісте - 5,8%, саудада - 3,6% және ауыл шаруашылығында - 2,2% өсім тіркелді", – деді Руслан Дәленов.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу