2017 жылдың қаңтар-ақпанында елімізде 122584 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылмен салыстырғанда 15% артық. Ал 2017 жылдың 1 наурызына дейін 3838,9 мың жеңіл автокөлік тіркелді, деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Биылғы жылдың алғашқы 2 айында 2059 жол апаты тіркеліп, 2955 адам зардап шеккен. Өткен жылмен салыстырғанда апат саны 14,7%-ға азайған.
2017 жылдың 1 наурызына дейін сақтандыру ұйымдары көлік иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру жөнінде 4,2 млрд теңгеге 12357 сақтандыру төлемі жасалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу