Қаңтар қырғынында 2 бала қаза тапты

834

Қаңтар оқиғалары кезінде 2 бала қаза тапқан, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қаңтар қырғынында 2 бала қаза тапты

Екеуі де Алматыда. Денсаулық сақтау министрлігі бүгін осындай мәлімдеме жасады. Ал ауруханаларда көз жұмғандардың жалпы саны 177 адам. Төтенше жағдай кезінде 2 740 адам медициналық көмекке жүгінген. 900-ге жуығы стационарға жатқызылыпты.

Олардың ішінде 188-і жансақтау бөліміне түскен. Қазіргі таңда 6 адам ем қабылдап жатыр, біреуінің жағдайы ауыр. Сондай-ақ министрлік кәмелетке толмағандардың арасында зардап шеккендердің санын жариялады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу