2018 жылдың қаңтар-мамыр айларының аралығында 40 мың қазақстандық шетелге көшті, деп хабарлайды LS.
Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, алғашқы бес айдың ішінде Қазақстаннан көшу туралы 39 891 құжат тіркелді.
Елдімекенді ауыстыру туралы құжаттардың басым бөлігі Қостанай, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында рәсімделді.
Қазақстандықтардың көбі Ресей, Германия, Польша, АҚШ, Канада және Израильге қоныс аударған.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың қаңтар-қараша аралығында Қазақстаннан 35 мың адам кетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу