Қаңтар-мамырда өндіруші кәсіпорындар бағасы 5 пайызға жоғарылады

841

Қаңтар-мамырда өндіруші кәсіпорындар бағасы 5 пайызға жоғарылады

ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметінше, биыл қаңтар-мамырда өндіруші кәсіпорындар бағасы 5%-ға жоғарылады.

Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде - 6,3%, өңдеу өнеркәсібінде 3,5%-ға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнім - 4,9%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 6,4%-ға қымбаттады.

Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы дизель отынына - 12,1%, мұнайға - 7%, табиғи газға - 3,8%-ға, мазутқа және көмірге - 2,2%-дан, металл кендеріне 1,2%-ға жоғарылады, сұйытылған пропан және бутанға - 3,5%, бензинге 0,8%-ға төмендеді.

Бағаның ферроқорытпаларға - 15,9%, қара металдар илегіне - 7,6%, алюминийге 4,3%-ға жоғарылауы, олардың қорғасынға - 4,1%, мысқа - 1%, мырышқа 0,7%-ға төмендеуі тіркелді.

Өндірушілер бағасының күрішке - 5,9%, қантқа - 4,1%, шайға -3,7%, өсімдік майына - 2,8%, қара бидай ұнына - 1,9%, нанға 0,6%-ға жоғарылауы, олардың бидай ұнына - 5,8%, жармаларға - 4,7%, құс етіне - 1,4%, макарон өнімдеріне 1,3%-ға төмендеуі байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу