Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты.
"Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда тауар айналымы 8%-ға өсіп, 55,8 млрд долларды құрады. Экспорт 31,6 млрд долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 3,8%-ға ұлғайып, 10,2 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 24,2 млрд долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 7,4 млрд долларға тең", – деді министр.
Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,5%-ға өсті.
Көрсеткіш артуы 15 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғарғы ілгерілеу Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстары және Алматы қаласында байқалады.
"Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 28,8%-ға, оның ішінде автомобиль жасаудың – 40,1%-ға және электр жабдықтарын жасаудың – 34,9%-ға өсуі қамтамасыз етілді", – деді министр.