Қаңтар-маусымда өндіруші кәсіпорындар бағасы 8,1 пайызға жоғарылады

725

Қаңтар-маусымда өндіруші кәсіпорындар бағасы 8,1 пайызға жоғарылады

Биылғы қаңтар-маусымда өндіруші кәсіпорындар бағасы 8,1%-ға жоғарылады, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.

Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде - 11,5%, өңдеу өнеркәсібінде 4,2%-ға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнім - 8,4%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 5,3%-ға қымбаттады.

Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы дизель отынына - 18,4%, мұнайға - 13,2%, мазутқа - 8%, табиғи газға - 4,3%, металл кендеріне - 3,5%, көмірге  3,4%-ға жоғарылады, бензинге 1,3%-ға төмендеді.

Бағаның ферроқорытпаларға - 15,7%, қара металдар илегіне - 10,1%, алюминийге 8,7%-ға жоғарылауы, олардың мырышқа - 5,2%, қорғасынға 2%-ға төмендеуі тіркелді.

Өндірушілер бағасының күрішке - 8%, қантқа - 4,2%-ға, өсімдік майына және шайға - 2,9%-дан, қара бидай ұнына - 1,9%, балыққа - 1,1%, мал етіне - 0,6%, нанға 0,5%-ға жоғарылауы, олардың бидай ұнына - 5,1%, жармаларға – 3,4%, макарон өнімдеріне - 1,9%,  құс етіне - 1,8%, сүт өнімдеріне 0,4%-ға төмендеуі байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу