Қаңтар оқиғалары кезінде Алматы әуежайын басып алуға қатысты іс бойынша сот үкімі шықты

2248

Сотталушылар қатарында журналист Әйгерім Тілеужан, белсенді Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Далибаев, Ермұхамет Шілібаев пен Жанайдар Кәрменов бар. 

Қаңтар оқиғалары кезінде Алматы әуежайын басып алуға қатысты іс бойынша сот үкімі шықты Фото: zakon.kz

Оларға жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, әуежайды басып алып, оның жұмысын тоқтатты, сондай-ақ ҰҚШҰ әскерлерінің келуіне тосқауыл болды деген айып тағылдв, деп жазады inbusiness.kz.

Сонымен сот шешімі бойынша: 
журналист Әйгерім Тілеужан - орта қауіпсіздік мекемесінде төрт жылға бас бостандығынан айырылды;
белсенді Қалас Нұрпейісов - орта қауіпсіздік мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айырылды;
Нұрлан Далибаев – орта қауіпсіздік мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айырылды;
Ермұхамет Шілібаев - орта қауіпсіздік мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айырылды;
Жанайдар Кәрменов - орта қауіпсіздік мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу мәліметтері бойынша, Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісов әуежай аумағында көпшілікті тәртіпсіздікке үгіттеген, ал қалған айыпталушылар ғимаратқа шабуыл жасап, көліктерді ұрлап кеткен. Алайда сотталушылар өз кінәсін мойындамады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу