Оларға түрлі бұлтарпау шаралары таңдалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Сонымен қатар құқық қорғау қызметкерлерінің рұқсат етілмеген жауап алу әдістерін қолдану салдарынан жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу бойынша күдікті 6 адам қаза болғаны тергеумен анықталды. Бұл фактілердің барлығы арнайы прокурорлармен жан-жақты тергелуде, 15 құрылымдық күш қызметкерлері күдікті ретінде танылды, оларға түрлі бұлтартпау шаралары таңдалды", – деді Бас прокуратура өкілі.