Қаңтар оқиғасы: 200-ден аса кәсіпкерге өтемақы төленді

1276

Осы уақытқа дейін кәсіпкерлерге 370 млн теңге төленген.  

Қаңтар оқиғасы: 200-ден аса кәсіпкерге өтемақы төленді

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен 200-ден аса кәсіпкерге өтемақы төленді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма дерегінше, қаңтар оқиғасы салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеу жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысында 337,4 миллион теңге сомасына 204 өтінім мақұлданды.

"Оның ішінде 208,3 млн теңге сомасына 111 өтінім "Жаңа Алатау" қайырымдылық қоры арқылы жіберілді (Мемлекеттік кірістер департаменті дерегінше, залал сомасы 3 млн теңгеге дейін), 129,1 млн теңге сомасына 93 кәсіпкерге бюджеттен өтемақы төленеді (ресми дерекке сәйкес, есеп айырысудың жеңілдетілген формуласы бойынша залалдың толық сомасы негізінде). Комиссия жұмысы басталғаннан бері барлығы 370,3 млн теңге көлемінде 221 өтінім мақұлданды", – деп жазылған хабарламада.

Басқарма комиссия жұмысы жалғасып жатқанын атап өтті. Мамандар кәсіпкерлердің өтінімдері ұсынылған құжаттар бойынша мұқият, ашық түрде қаралатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу