Қаңтар оқиғасы: 22 мыңнан аса адам тексерілген

1842

Елдегі тәртіпсіздіктерге теріс діни ағымның 19 өкілі қатысқан.

Қаңтар оқиғасы: 22 мыңнан аса адам тексерілген

Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау үшін 22 мыңнан аса адам тексерілді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бас прокурордың айтуынша, бүгінде 350 мыңнан аса тергеу жедел іс-әрекеттері жүргізілген.

"Оның ішінде 20 мың тексеру, жауап алу, тінту жүргізілді. 3,5 мың медициналық сараптама жүргізілді. Барлық орган бойынша ұсталғандар саны – 766 күдікті. Олардың басым бөлігі 30 жасқа дейінгі жас азаматтар, жұмыссыз, жоғары білімі жоқ. Олардың теріс діни ағымның 19 өкілі, тыйым салынған экстремистік ұйымдардың 27 белсендісі, ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі және кісі өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық қылмыстарын жасағаны үшін сотталған 113 адам бар", – деді Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ ол Арман Жұмагелдиев әрекетіне тоқталды.

"Мысалы, "Дикий Арман" есімді Арман Жұмагелдиев пен оның тобының 14 мүшесі қамауда отыр. Олардың жоғалтатын ештеңесі болмады және олар әртүрлі қылмыстар жасаған: дүкендерді қиратты, тонаумен айналысты, әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады. Жалпы жасалған қылмыстарға қатысты 22 мыңнан аса адам тексерілді", – деді Бас прокурор.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу