Қаңтар оқиғасы бойынша 5300-ден астам қылмыстық іс тіркелді

525

Бұлай деп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қаңтар оқиғасы бойынша 5300-ден астам қылмыстық іс тіркелді

"Еліміз бойынша тергеу органдарының 5300-ден астам қылмыстық іс тіркелді. Олардың басым бөлігі ұрлық, тонау, қаруды сақтау және өзге де қылмыстар. Тергеу амалдарын жүргізу үшін барлығы 1 237 күдікті адам қамауға алынды. Жеке бастарын, денсаулық жағдайларын және сипаттайтын материалдарын ескеріп, 284 адамның қамауға алынуы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа кепіл үй қамаққа және жеке кепілгерлікке ауыстырылды. 955 күдікті адам сотқа берілді. Түрлі жазаларға 834 адам сотталды. Оның ішінде 636 адам бас бостандығынан айыруға байланысты емес", – деді спикер.

Бас прокуратура өкілі келтірген деректерге сәйкес, бүгінгі таңда 292 күдікті адам қамауда отыр.

Олардың қиратуларға, ғимараттарды өртеуге, қаруларды жымқыруға, мемлекеттік объектілерге және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауда және т.б. қылмыстарға қатысқандығы жөнінде жеткілікті мәліметтер бар екенін де атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу