Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталған 6 адам тергеу абақтысында көз жұмған

1222

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталған 6 адам тергеу абақтысында көз жұмған

Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында қаңтар оқиғасына байланысты ұсталған алты адам изоляторда азаптаудан қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұрын тергеу кезінде рұқсат етілмеген әдістерді қолдану фактілері бойынша қылмыстық істерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары тергейтін. Бізге соның ішінде ауыр зардаптар, дәлірек айтқанда, ұсталғандардың өлімі тіркелген жағдайлар бойынша тергеу тапсырылды. Қолда бар мәліметке сай, мұндай жағдайда Алматы уақытша ұстау изоляторында – екі адам, Шығыс Қазақстан облысында – үш адам және Талдықорғанда бір адам қаза тапқан. Біз үтікпен азапталған Талдықорғанның тағы бір тұрғынына қатысты азаптау туралы резонансты істі қолға алдық. Ол әлі тергеу изоляторында. Аталған фактілер бойынша тергеу жалғасып жатыр, нәтижелерін міндетті түрде хабарлаймыз. Бірақ мұндай қылмыстар жаппай болып жатқан жоқ деп айта аламын", – дейді Ожаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу