"Алматы облысында 16 адам қаза болды. Оның бесеуі құқық қорғау органының қызметкері бар. Биыл 6-19 қаңтар аралығында аталған өңірлерде террористік қауіптің қызыл деңгейі сақталғанын еске салғым келеді. Осы уақытта қарулы қылмыскерлер құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіріп, шабуыл жасады. Осы кезде терроризмге қарсы операция жүргізілді. Азаматтардың қозғалысына ерекше тәртіп бекітілді және көліктерге тексеру жүргізілді", - деді Елдос Қилымжанов ОКҚ-де өткен брифингте.
Бас прокуратура Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары 6-8 қаңтарда азаматтардың қаза болу фактісі тіркелгенін жеткізді.
"Барлық дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Мукашевтің өліміне әкеп соққан ұрып-соғу фактісі бойынша тергеумен арнайы прокурорлар айналысуда. Осы іс бойынша соттың санкциясымен құқық қорғау органдарының 2 қызметкері қамауға алынды", - деді басшының орынбасары.
Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде Шығыс Қазақстан облысының 2 ірі қаласында агрессивті 2 500 адам бір уақытта полициямен қақтығысқан.
"Салдарынан 5 қаңтарда Семей қаласының әкімдігі басып алынды, 12 полиция көлігі бүлінді, "Тигр" арнайы көлігі ұрланды. 124 полиция қызметкері және Ұлттық гвардияның әскерлері дене жарақытын алды. Өскемен қаласында шабуылдаушылар мен әкімдіктің, Халық банктің, Sulpak дүкенінің ғимараттарына, коммерциялық дүкендерге және 10 қызметтік көлікке зақым келді. "Бекет-2" стационарлық полиция бекеті жойылды. Осы кезеңде облыста 7 адам қаза тапты", - деді Елдос Қилымжанов.
Ол полицияның ғимараттарында қаза болған 3 адам бойынша тергеуді бас прокуратураның арнайы прокурорлары жүргізіп жатқанын, 4 адамның қаза болу дерегін полиция тергеп жатқанын атап өтті.
Дәурен Ерболат