Алматы соты қаңтар оқиғасына қатысы бар бір адамды түрме жазасына кесті

1502

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің 1 сәуірдегі мәліметіне қарағанда, "ұрлық" бабымен айыпталған төрт адамға үкім шықты.  

Алматы соты қаңтар оқиғасына қатысы бар бір адамды түрме жазасына кесті

№2 Медеу аудандық соты бір адамды екі жыл бас бостандығынан айырды. Оның өтелмеген жазасы да болған. Ал Алмалы аудандық сотында екі адамның бас бостандығы бес және екі жыл шектелді, Алатау аудандық сотында бір адамның бас бостандығы екі жыл шектелді.

Алматы соттарында бүгінге дейін 106 адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ондағы істер "ұрлық", "қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен жабдықтарды ұрлау немесе бопсалау", "тонау", "қару-жарақты заңсыз сақтау" және "ұсақ жымқыру" баптары бойынша қаралып жатыр.

Жалпы бүгінге дейін 133 қылмыстық іс түскен. Ол бойынша 200 адам күдікке ілінген. Сегіз адам түрме жазасына кесілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу