Билікті асыра пайдалану, ұстау, адам өлімі фактілерімен 16 қылмыстық іс қозғалды

2210

Қазіргі уақытта Қазақстанда қаңтар оқиғаларына қатысты адам өлімі, ұстау және адам құқықтарының бұзылуы фактілері бойынша 16 қылмыстық іс тергелуде.

Билікті асыра пайдалану, ұстау, адам өлімі фактілерімен 16 қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы Бас прокуратура бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов баспасөз жиынында мәлімдеді.

"Өлім, ұстау және ұсталған адамдарға қатысты билікті асыра пайдалану фактілері бойынша істер тергелуде, республика бойынша барлығы осындай 16 қылмыстық іс қозғалды", – деді ол.

Оның мәліметінше, "полиция қызметкерлерінің қамалғандарды азаптауы және құқығын бұзуы" бойынша 91 шағым түскен. 

"Біз әр фактіні тексереміз. 19 өтініште көрсетілген бұзушылықтар расталған жоқ. 56-сына қатысты тексеру әлі жүргізіліп жатыр. Полицияның азаматтардың құқықтарын бұзуы бойынша жекелеген жағдайлар расталды. Мысалы, 12 қаңтарда Алматы прокуратурасы заңсыз қамауда отырған қаланың 24 тұрғынын босатты", – деді Қилымжанов.

Жалпы Қилымжановтың ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда қаңтардағы оқиғалар бойынша 819 қылмыстық іс тергелуде, оның ішінде 45-і – терроризм актілері бойынша, 36-сы – жаппай тәртіпсіздіктер және 15 адам өлтіру бойынша.

Осы істерді тергеу аясында 970 күдікті ұсталды. Оның 782-сі соттың санкциясымен қамауға алынды, 29-ы үй қамағына алынды.

"Тұтқындалғандардың көбі, яғни 464 адам терроризм және жаппай тәртіпсіздікке байланысты қамалды. 226 адам ұрлық фактісі бойынша, 60 адам қаруды заңсыз алып жүргені және сақтағаны үшін, 39 адам қаруды ұрлағаны үшін, 25 бұзақылық фактісі бойынша, 21 адам тонау фактісі бойынша ұсталды", – деді Бас прокуратура өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу