Қаңтар оқиғасы: Бизнестің өтінімдерін қарау мерзімі екі есе қысқарды

855

10 наурызға дейін ШОБ өтінімдерінің 90%-ын қанағаттандыру жоспарлануда.

Қаңтар оқиғасы: Бизнестің өтінімдерін қарау мерзімі екі есе қысқарды

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде бизнесіне шығын келтірілген 3 592 заңды тұлғадан өтініш түсті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Спикердің айтуынша, 23 қаңтар мен 23 ақпан аралығында Infokazakhstan сайтына алматылық кәсіпкерлерден 1 572 өтініш келіп түскен. Бірақ бұл өтініштердің кейбірі бірнеше рет қайталанған.

"Сондықтан кәсіпкерлер палатасы аудандық әкімдіктермен бірге зардап шеккен кәсіпкерлерді анықтау жөнінде жұмыстар жүргізіп, өтемақы төлеу сомасының қорытындысын шығарды. Тексеріс қортындысы бойынша, 1 413 кәсіпкердің бизнесі зардап шеккені анықталды. Оларға келтірілген шығын 34 316 437 000 тенге", – деді Айтуар Қошмамбетов.

Сонымен қатар Президенттің Бизнеске жедел көмек көрсету тапсырмасын іске асыру аясында жеңілдетілген тетік бойынша төлем сомасы 10 млн теңгеге дейін ұлғайтылған. 

"Бұған қоса өтінімдерді қарау мерзімі екі есеге, яғни 1 айдан 2 аптаға дейін қысқартылды. 10 наурызға дейін ШОБ өтінімдерінің 90%-ын қанағаттандыру жоспарлануда", – деді Айтуар Қошмамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу