Бұл туралы Бас прокуратура Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
"Бүгінгі күні жазаны орындау органдарымен 878 сотталғанға қатысты соттарға мерзімді қысқарту және жазадан босату туралы ұсыныстар жолданды. Тергеу органдарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында орта дәрежелі қылмыс жасағаны үшін 5 күдіктіге қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Алдын-ала мәліметтерге сәйкес рақымшылық жасауға сәйкес келетін тұлағалардың саны шамамен бір жарым мыңға жуық адам", - деп мәлімдеді Елдос Қилымжанов.
Оның дерегінше, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасаған адамдарға рақымшылық сотпен қолданылатын болады. Оларға тағайындалған жаза мөлшері қайта қаралмақ.
Естеріңізге саламыз, 2-қараша күні Президент Қаңтар оқиғасына қатысқан адамдарға қатысты "Рақымшылық жасау туралы заңға" қол қойған болатын.