Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған азаматты азаптаған полиция қызметкері сотталды

271

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді. 

 Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған азаматты азаптаған полиция қызметкері сотталды Фото: Halyq Uni

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, кінәні мойындау туралы процесті келісімінің негізінде "қаңтар" оқиғалары кезінде жеткізілген адамға азаптауды қолданғаны үшін (ҚК-нің 146-бабы) айыптау үкімін шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының Полиция басқармасында кінәлі полиция қызметкерінің жеткізілген азаматқа қатысты азаптауларды қолданғанын дәлелдеді.

Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу