Елордада қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқан күдіктілер ұсталды

985

Олардан ұрланған заттар табылды  

Елордада қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқан күдіктілер ұсталды

Биыл қаңтар оқиғасы кезінде тәртіпсіздіктерге қатысқан күдіктілер елордада ұсталды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Жергілік полиция қызметі басқармасының басшысы Арман Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бүгінде Нұр-Сұлтанда "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара нәтижесінде заңсыз айналымнан атыс қарулары да тәркіленген.

Арман Аймағамбетов қаңтар оқиғасы кезінде елордада тәртіпсіздіктерге жол берілмегенін атап өтті.

"Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталғандар болды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді басқарма басшысы.

Ол еліміздің өзге өңірлерін болған тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен Нұр-Сұлтанда қолға түскен күдіктілер барын жеткізді.

"Өзге өңірлерде болған оқиғаларға қатысқандар да ұсталды. Бүгінде Жамбыл облысы және Алматы қаласында болған оқиғаларға қатысқан 3 күдікті қолға түсті. Олардан ұрланған заттар табылды. Кейбір фактілерге қатысты жедел қызметтер кешенді жұмыстар жүргізді. Ұрланған телефондарды сатылымға шығару деректері де бар. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді Арман Аймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу