Қаңтар оқиғасы: Эльвира Әзімова бұрын сотталмағандарға қатаң жаза қолданбауды сұрады

1228

Құқық қорғаушылар елдегі 81 абақтыны тексерген.

Қаңтар оқиғасы: Эльвира Әзімова бұрын сотталмағандарға қатаң жаза қолданбауды сұрады

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде ұсталғандар мен тұтқындалғандарға қатысты өтініштер әлі түсіп жатқанын атап өтті.

"Биыл 13-24 қаңтар аралығында азаптаулар мен қатыгездікпен қараудың алдын алу жөніндегі Ұлттық алдын алу тетігінің өңірлік топтары 16 өңірдегі тергеу изоляторларын, уақытша ұстау изоляторларын қоса алғанда, 81 жабық мекемеге барып, тәуелсіз мониторинг жүргізді", – деді Эльвира Әзімова.

Оның айтуынша, тәуелсіз мониторинг әлі де жалғасады. 

"Мен қазақстандықтардан адам құқығын бұзу туралы 39 өтініш алдым. Оның 20-сы қатыгез қарым-қатынасқа байланысты. Биыл 25 қаңтарда Бас прокуратура өкілдері прокуратура органдарына тергеудің рұқсат етілмеген әдістері және құқық қорғау органдары тарапынан тергеу жүргізу кезінде азаматтардың құқығын бұзу туралы 109 шағым түскенін хабарлаған. Тексеру нәтижесінде 21 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде тек біреуін арнайы прокурорлар, ал қалған 20-сын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер тергеп жатыр", – деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Эльвира Әзімова соттар мен тергеушілер істерді қарау кезінде азаматтардың құқығын сақтау керегін, тергеу заң бойынша жүргізілуі керегін атап өтті.

"Қысыммен алынған барлық дәлел жарамсыз. Біз құқықтарды бұзу туралы өтінішпен жүгінгендердің қайта виктимизациясына жол бермеуіміз керек", – деді уәкіл.

Ол бұрын сотталмағандарға қатаң жазаң қолданбауды сұрады.

"Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуына байланысты қылмыстық қудалау орбитасында алғаш рет енген азаматтарға қатысты ауырлық дәрежесін ғана емес, олардың жеке басын, шын жүректен өкінетінін ескеруіңізді сұраймын. Кінәсін дәлелдеген жағдайда, бас бостандығынан айыруға балама қылмыстық жазалау шараларын қолдану мүмкіндігін қарастыруды сұраймын", – деді Эльвира Әзімова.

Айта кетейік, осыған дейін Бас прокуратура қаңтар оқиғасына байланысты 9 257 әкімшілік іс қаралғанын хабарланған. Оның ішінде сот 4 584 адамға тек ескерту жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу