Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда қаңтардағы тәртіпсіздіктен келген шығын көлемін атады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қаңтар оқиғасында елдің 8 өңірінде 42 мемлекеттік ғимаратқа зақым келген.
"Алматыдағы Президент резиденциясын қалпына келтірмей, бұзу туралы шешім қабылданды. Қалған 41 нысан үшін 31 млрд 100 млн теңге бөлінді. 37 нысан қалпына келтірілді. Жетісу облысы әкімдігінің ғимараты қалпына келтірілді. Ал Алматы қаласы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық ақпарат статистикасы орталығының ғимараты мен Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары наурызда аяқталады", — деді Роман Скляр Мәжіліс отырысында.
Сонымен қатар ол Алматы қаласындағы теле-радиокешеннің ғимаратын қалпына келтіру мүмкін болмағандықтан бұзу туралы шешім қабылданғанын атап өтті.
"Қазір оның құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр, ол биылғы жылдың соңына дейін аяқталады, оған қосымша қаражат бөлінеді, оны біз мемлекеттік сараптамадан өту нәтижесі бойынша анықтаймыз. Барлығы 350 коммерциялық нысан зардап шекті. Бүгінгі күнге дейін барлығы қалпына келтірілді. 1789 кәсіпкерлік субъектісі келтірілген залалды тікелей өтеуге өтініш білдіріп, оларға барлық шағын және орта бизнес субъектілері бойынша 16 миллиард 700 млн теңге толық көлемде өтелді", – деп қорытындылады Премьер-министрдің орынбасары.