Қаңтар оқиғасына байланысты қамауға алынғандар арасында кәмелетке толмағандар жоқ

873

Мәжіліс депутаттары құқық қорғау қызметкерлерінен қанша кәмелетке толмаған баланың ұсталғанын және оларға қандай бұлтартпау шарасы қолданылатынын сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаңтар оқиғасына байланысты қамауға алынғандар арасында кәмелетке толмағандар жоқ

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, қазір ішкі істер органдарының өндірісінде кәмелетке толмағандарға қатысты 12 іс бар.

"Олардың жеке басын, кәмелетке толмағанын, өкінуін, келтірілген зиянды өтеуін ескере отырып, оларға бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ бұлтартпау шарасы таңдалды. 9-ы бойынша қылмыстық іс аяқталды, 3-і бойынша іс өндірісте. Бүгінде қамауда кәмелетке толмағандар жоқ", – деді спикер Мәжілісте сөйлеген сөзінде.

Бас прокуратураның мәліметінше, 16 кәмелетке толмаған жасөспірім жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікке ілінген. Бірақ олардың арасында қамауға алынғандар жоқ. Негізгі тергеу амалдары аяқталды.

"Прокурорлар сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп отыр, жазаны сот анықтайды. Жеңілдететін мән-жай ретінде күдіктілердің жасы ескерілетін болады", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу