Қаңтар оқиғасы: қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды

1108

Елдегі терроризмге қарсы операция барысында 515 қару тәркіленген.  

Қаңтар оқиғасы: қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды

Қазақстандағы қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қаруларды еркімен тапсырған қазақстандықтар жауапқа тартылмайды. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдары қылмыстық істерді тергеумен қатар жымқырған қаруларды іздеу және оларды алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"...Тұрғындарда қаруларды өз еркімен тапсыру мүмкіндігі бар. Бас прокуратура заңсыз сақталған қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған тұлғаларға қылмыстық жауапкершіліктен босату кепілдігін береді. Алайда олардың әрекетінде өзге қылмыстық құрамы болмаған жағдайда.

Сондай-ақ адам қарумен жүріп, оны құқық қорғау органдары ұстаса, мұндай жағдай қаруды өз еркімен тапсырған болып саналмайды", - деді Елдос Қилымжанов.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу