Қаңтар оқиғасы кезінде әскериді көлікпен басып кеткен азамат 17 жылға сотталды

555

Қызылорда облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 122 адам рақымшылыққа ұсынылды. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Қаңтар оқиғасы кезінде әскериді көлікпен басып кеткен азамат 17 жылға сотталды Фото: zakon.kz

"Рақымшылық туралы" Заңға сәйкес Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД аудандық және қалалық пробация қызметі 122 сотталғанға қатысты рақымшылық қолдану туралы сотқа ұсыныс жолдады. Олар жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

"Қазіргі таңда 9 сотталғанның іс-құжаттары қаралып, 7 сотталғанның негізгі жазасы төрттен үшке қысқартылып, екі сотталғанды жаза мерзімінен босату жөнінде сот шешімімен қаулы шығарылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Ал, қалған 113 сотталғанның материалдары сот өндірісінде. Осыған дейін есептегі сотталғандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Онда қаңтар оқиғасына қатысқандардың барлығы бірдей рақымшылыққа ілікпейтіні жөнінде нақты айтылды", - деді пробация қызметіне басшылық жасау тобының бас маманы, әділет майоры Ғаламат Құлманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу