БАҚ өкілдері мән-жайды анықтау үшін Айкөркемнің әкесіне хабарласқан. Алайда ол ұзақ уақыт қоңырауларға жауап бермеген. Тек кейін байланысқа шыққан. Осы ретте Айдос Мелдехан тілшілерге берген сұхбатынан кейін ҰҚК қызметкерлері келіп, бірнеше рет қорқытқанын растады.
Оның айтуынша, сол үшін олар отбасымен шетелге кетуге мәжбүр болыпты. Бірақ Айкөркемнің әкесі қауіпсіздік мақсатында қай елге көшкенін айтудан бас тартты.
Еске сала кетсек, 4 жастағы Айкөркем Мелдехан 7 қаңтар күні қаза тапқан. Сол күні олар отбасымен азық-түлік іздеп шыққан. Сәтпаев көшесінің бойымен кетіп бара жатқан бойда олардың көлігіне белгісіз адамдар оқ жаудырған. Көлікте Айкөркемнен өзге тағы екі бала болған. Олар да жараланған.