Ол ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қаруды қолдана отырып, билікті асыра пайдалану айыбы бойынша сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Айыптау мәліметтері бойынша, Әубәкіров өзінің қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, екі адамның өмірін қиған.
Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Әубәкіров өз кінәсін мойындамағанымен, тергеу нәтижелері, сараптамалар, куәгерлердің және сарапшылардың айғақтары оның қылмысына дәлел болды.
Нәтижесінде, сот Әубәкіровті 7 жылға бас бостандығынан айыруға, әскери атағынан айыруға және жәбірленушілерге моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Дегенмен, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.